Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Ордабасы ауданында 43 канал тазаланып, ағын су мәселесі шешілуде
    Айғақ TV

    Ордабасы ауданында 43 канал тазаланып, ағын су мәселесі шешілуде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ағын су мәселесі енді ордабасылық шаруаларды уайымға салмайды. Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың ұйымдастыруымен,  аудан аумағындағы 43 канал демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өткізілуде. Бүгінгі таңда 118 шақырым су арнасы толық тазаланып іске қосылса, 96,6 шақырымындағы жұмыстар 15 шілдеге аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 15 699 га жердің сумен қамтылу мәселесі шешіліп, қосымша 2 228 га жерді ағын сумен қамтуға мүмкіндік туады, — деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

    Қараспан ауыл округіндегі  905 агроқұрылым  жалпы   4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдаланып келеді. Оның ішінде «Қараспан магистралды» каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 17  ішкі  каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар суармалы жер суарылады. Қалған 473 гектары Қажымұхан ауыл  округіне  қарасты «Құртай» каналы  және су сораптары арқылы суғарылады.

    Аталған ауыл округінде бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу өзекті мәселеге айналған-ды. Бұл түйткілді түйінді түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойылып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазылды. Осылайша  «Қараспан магистралды» каналына су жіберу арқылы 2 664 га жерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Атқарылған жұмыстарға Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз ауылдарының дихандары ризашылықтарын жеткізді. Шаруалар енді өнімдерінің артатынына сенімді.

    Ордабасы ауданында жыл басында 65 400 га егістік жерді игеру жоспарланған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 65 709 гектарды құрады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.