Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өмірзақ Шөкеев: Мақтаарал ауданындағы құрылыс 1 тамызға дейін толық аяқталуы тиіс
    Айғақ TV

    Өмірзақ Шөкеев: Мақтаарал ауданындағы құрылыс 1 тамызға дейін толық аяқталуы тиіс

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мәселелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өткізген лездемелік жиында ортаға салынды. Аймақ басшысының нақты тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар қарқынын күшейтілген. Үйлердің құрылысы өз мерзімінде, яғни, 1 тамызда толық  аяқталуы қажет, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

    «Өндірістік кестеге сай бақылау жұмыстарын күшейтіп, мердігерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек.  Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысына да назардан тыс қалмауы қажет. Аталған жұмыстардың өз мерзімінде аяқталуына тікелей жауапты екендіктеріңізді ескертемін», – деді Өмірзақ Естайұлы.

    Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенде орналасқан жалпы 866 тұрғын үй зардап шекті. Атап айтқанда, Жеңіс ауылында 270 үй, Жаңатұрмыста 52 үй, Достық ауылында 21, Өргебаста 207 үй, Фирдаусиде 316 үй. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 386 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй («Б.Утемуратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз Біргеміз») қорынан салынуда. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс — монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. 200-дей үйде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

    Төтенше жағдай нәтижесінде, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы екі негізі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Жаңа тұрғын үй құрылысында толық инженерлік инфрақұрылым салынып жатыр.  Сонымен қатар, Фирдауси және Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.