Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Арнайы мониторингтік топ Түркістан қаласындағы дәріханалардың жұмысына рейдтік шаралар жүргізді, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Мобильді топ ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеріп, бағасын байқады. Дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің бар және қол жетімді екені анықталды. Тек, бірнеше дәріханаларда парацетамол мен аспирин тапшы. Бірақ, оның орнына «терафлю» және басқа да ыстықты түсіретін препараттар жеткілікті. Бір адамға 3-5 дәріден беріледі. Алайда, қажетті дәрісін таппай сабылып жүрген тұрғындар препараттың көптен бері сатылымда жоғын айтуда. Дәрі бағасына келсек, тексеру кезінде төрт дәріханадағы «парацетамол» бағасы төрт түрлі. 57 теңгеден басталып, 95 теңгеге дейін барады. Рейд барысында дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге жол берілмейтіндігі ескертілді. Алдағы уақытта мұндай бақылау жүргізу тұрақты түрде өтеді.