Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Жібек жолы» кеден бекеті пандемияның эпицентріне айналуы мүмкін бе?
    Айғақ TV

    «Жібек жолы» кеден бекеті пандемияның эпицентріне айналуы мүмкін бе?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.07.2020Updated:08.07.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Жібек жолы» кеден бекеті пандемияның эпицентріне айналуы мүмкін бе? Қазір мұнда 3 мыңға жуық еңбек мигранттары өз елдеріне қайта алмай, сандалып жүр. Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары карантиндік талаптарды сақтағаны былай тұрсын, кеден бекетінің алдында жатын жайсыз бос орынды пана еткен. Картон қораптары тапқан адамға ғана бар. Айнала қоқысқа толған. Коронавирус инфекциясының біздің елімізде ғана емес, әлемде тарап жатқандығын ескерсек, карантиндік талаптар мұнда сақталмаған. Шетел азаматтарының шекара аса алмауының себебін Өзбекстан тарапы 14 күн бойы оқшаулайтын орындардың толып қалуымен түсіндірген. Десек те, еңбек мигранттарының Сарыағаш ауданының «Жібек жолы» кеден бекетіндегі жағдайы дәл осылай жалғаса берсе, қазірдің өзінде ыстығы көтеріліп, қан қысымы жоғарылаған ағайынның халі мүшкілдене түсері сөзсіз.

    Ашық аспан астында кеден алдын пана еткен азаматтардың арасында кішкентайын ерткен отбасылар да бар. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті келіссөздер жүргізіп, мәселені оңтайлы шешеді деп сенеміз. Ал, аймақта қалыптасқан ахуалды жергілікті билік назарына алып, санитарлық нормалардың күнделікті сақталуын қадағалап отырса, адамзатқа қауіп болып келген пандемияның «ауылын» осы жерді күнелткен ағайын үшін алыстатуға әбден болады.

     

    Мақтаарал мен Төлебидегі жағдайды күнделікті қадағалап, Түркістандағы қала құрылысын назардан шығармайтын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке осы жерде қолдау көрсетіп, Сарыағаштағы бұл мәселені аудан көлемінде атқарып тастауға да жергілікті әкімдіктің қауқары жетеді. Облыс әкімінің 5 бірдей орынбасарынан Сәкен Қалқамановтың осы жерден әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққандығы мәлім. Бірақ, түйткілді мәселе дер кезінде шешілмесе, арты аянышты жағдайға апаруы бек мүмкін.

    Қазір мұнда тазалық жұмыстары жүргізілмегендіктен, қоқыстар тау болып үйіліп жатыр!

    Осы тұста, қалыптасқан жағдайға бей-жай қарай алмаған Түркістан облысының ерікті азаматтары аудандардан жиналып, дәл қазір бір үзім нан мен ыстық тамаққа зар болып отырған азаматтар үшін ас ұйымдастырды.  Ынтымақ пен бірлігімізді тағы бір көрсетті. Үй-жайсыз өзге елде сандалып, «сандарын» құшақтап қалған азаматтарға енді кім пана болады?

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.