Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚР Президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым етті
    Жаңалықтар

    ҚР Президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым етті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.09.2016Updated:12.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Самарқандқа Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін келді. Сапар аясында И.Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримов жерленген орынға гүл шоғын қойды.

    karimovМемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде Ислам Каримовпен екеуін ұзақ жылдар бойы берік достық, шынайы түсіністік, өзара тілеулестік байланыстырып келгенін  айтты.

    – Өзбекстандықтардың келер ұрпағы, мемлекет қызметіндегі басшылардың келесі буыны Ислам Каримовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін.  Оның артта қалған мол мұрасын, мемлекеттік қызметінің нәтижелерін ұрпақ зерттеп-зерделеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады. Ол бүкіл әлемге танымал көшбасшы болды, ел экономикасының қалыптасуы мен дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы оның есімімен байланысты. Біз ұлы адамнан айырылдық, – деді Қазақстан Президенті.
    Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас елдеріміз арасындағы тарихи және стратегиялық байланысты нығайту жолында Өзбекстанның тұңғыш Президенті баға жетпес рөл атқарғанына тоқталды.

    – Қазақ пен өзбек халқы әрдайым бір-бірімен етене жақын болды. Ислам Абдуганиевич екеуміз 1998 жылы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі басында мәңгілік достық туралы келісімге қол қойдық, біздің қарым-қатынасымыз үнемі сол келісімге негізделді. Қазақстан әрқашан өзбек халқымен қанаттасып, қатар келеді және солай бола береді. Біз сіздермен барлық қуанышты бірге бөлісіп, қиын кездерде бірге қайғырамыз, – деді Мемлекет басшысы.karimov3Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев И.Каримовтің отбасымен кездесіп, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан шын ниетімен көңіл айтты.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.