Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Полиция қызметкері үшін ұстамды болу, азаматтармен тіл табыса білу де аса қажет — Бақытжан Асқаров
    Айғақ TV

    Полиция қызметкері үшін ұстамды болу, азаматтармен тіл табыса білу де аса қажет — Бақытжан Асқаров

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ішкі істер саласында 24 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Бақытжан Асқаров бүгінде Түркістан облыстық полиция департаменті патрульдік полиция басқармасының аға инспекторы қызметін атқарады. Жұмыс барысында көбіне күзетілетін тұлғаларға жол бастап жүретін азамат уақытпен санаспай қызмет етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Қонақтардың арасында қауіпсіздігі арнайы заңмен бекітілген тұлғалар мен шетелден келетін туристер де бар. Қиын да әрі жауапты жұмысты атқару барысында полицей әріптесі Қайрат Әлібеков екеуі көлік жүргізеді. Олар қонақтарды межелі жерге жеткенше жоғары жылдамдықты түсіруге және тоқтауға болмайды. «Жауапты жұмысты абыроймен атқару біз үшін үлкен міндет. Сондықтан бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Күзетілетін тұлғалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтап, кептелістерге кезікпей тез арада межелі жерге жеткізуге тырысамыз. Жолда жүрген соң, әртүрлі оқиғаларға кездесеміз. Қиындықтарды қызықты жәйттар жеңіп кетеді»,– дейді полиция аға лейтенанты. Бақытжан Асқаров әріптесімен бірге таңертеңнен кешке дейін көлікте жүреді. Сондықтан ішер асты да көлікке салып алады. Себебі, тоқтап түстенуге, кешкі асты жайбарақат жеуге мүмкіндік жоқ. Жұмыс солай. Уақытқа бағынбайды. Түскі мезгілде, кешкі ас уақытында жолда болуы ғажап емес. «Елбасымен, Премьер-Министрмен және өзге де министрлермен бірге жүрдік. Шетелдік қонақтардың қасында жүреміз. Жолда әрдайым үлкен жылдамдықпен жүреміз. Оқыстан көлік шығып қалатын кездер көп болады. Өткен жылы Арыс қаласында төтенше жағдай болған тұста дереу жолға шықтық. Басшылардың көлігінің алдында біз жүріп отырдық. Қиылыстың бірінде жигули көлігі ешқандай белгі берместен оқыстан солға бұрылып қалды. Соғысуға сәл-ақ қалдық. Тәжірибенің арқасында көлік апатына жол бермедік. Соңымыздан келе жатқан басшыларда бірден тоқтап, жағдайымызды білді. Дереу көлікті оталдырып, жұмысымызды жалғастырдық», – дейді Б.Асқаров.

    Бүгінде Бақытжан Жұмабайұлының қызмет бабында қол жеткізген марапаттары көп. Министрліктен, облыс әкімінен алған алғыс хаттары бар. Одан бөлек мемлекеттік медальға да ие болған. Отбасында жұбайы Жанармен үш қыз, екі ұл тәрбиелеп, өсіріп отыр. Қазір екі немересі бар. Ұлы Мақсат оның жолын қуып, Түркістандағы патрульдік полицияда қызмет атқаруда. Ал, келіні Гүлназ Шымкент қаласындағы патрульдік бөлімде еңбек етуде. Екеуі де Алматыдағы академияда жоғары білім алған. «Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болу мен азаматтармен тіл табыса білу, сыпайы болу да аса маңызды. Үйде ұл-қызыма, жұмыста әріптестеріме әрдайым білген кеңесіммен бөлісіп отырамын», – дейді аға лейтенант.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.