Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
    Айғақ TV

    Аида Балаева БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен Қазақстандағы БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиын барысында министр БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, — деп жазады Egemen.kz

    «Қадірменді журналистер қауымы! Құрметті әріптестер!

    Кез келген қоғамның дамуы, мемлекеттің өсіп-өркендеуі сол қоғамның ішкі тұрақтылығына, береке-бірлігіне, ұлттық құндылықтарының сақталуына, мемлекеттік мықты идеологиясына байланысты. Ал мұны қалыптастыратын, ең бірінші, ғалымдар мен зиялылар, ақын-жазушылар мен журналистер.

    Журналистер – қоғамның жанашыры! Қоғам тіршілігіндегі қылт еткен қиындыққа бірінші боп үн қатып, тығырықтан шығар жол іздейтін де журналистер қауымы!

    Оралхан Бөкеев ағамыз кезінде: “Ақиқат сөздің бәйгесі — мылтықсыз майдан. Жабысы қалып жарымда, сәйгүлік озған!” деген екен.
    Бүгін, міне, сол ақпарат майданында “қаруым — қалам, өрісім — қағаз” деп, ақиқаттың арда жүгін арқалап жүрген журналистер қауымының кәсіби мерекесі!

    Ендеше, Өзімнің және Министрлік ұжымының атынан барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын!», деді Аида Балаева.

    Сондай-ақ министр журналистерге алғыс айтты.

    «Расында да, журналистика — шығармашылық өрісті ғана емес, кәсіби өршілдік пен аса терең мәдениеттілікті, жан-жақты білімділік пен ішкі тәрбиелілікті қатар талап ететін кірпияз мамандық. Өйткені, ғұлама ғалыммен де, біртуар дарынмен де, қарапайым қауыммен де тең сөйлесіп, тамырын табу — екінің біріне бұйыра бермейтін дара қасиет. Асқақ абырой.

    Өз басым осындай қасиет пен абыройды отандық журналистикамызды бүгінгідей тамаша биікке көтерген майталман аға буыннан бастап осы күні ақпарат ағынымен алысқан әрбір тілшінің бойынан көремін. Көріп қана қоймай, Сіздерде бар ерекше талғампаздықты сеземін.

    Сондықтан да, осындай талғамды қоғамда қалыптастырып, айналамызға адал ақпарат жеткізуге атсалысқан ауыр да абыройлы еңбектеріңіз үшін риясыз алғысымды жеткіземін!
    Қаламымдарыңыздан қасиет кетпесін! Ел игілігін ту еткен еңбегімізде табыстарға бірге жетейік!
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін!», деді Аида Балаева.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.