Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.09.2016Updated:12.09.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!

    Сіздерді барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын!
    Қазақстан Республикасы зайырлы, толеранттық негізді алдыңғы бағытқа алып отырған мемлекет ретінде елдің рухани құндылықтарын басты назарға қойып отыр. Ата-баба дәстүрімен үңдестігін тапқан Құрбан айт мейрамы бүгінде мемлекеттік мереке дәрежесіне көтерілді.
    Елбасы: «Құрбан айт ‒ ізгілік пен қайырымдылық мерекесі. Өткенді ой елегінен өткізіп, оң-терісіңді таразылап, ар-ожданыңды аршып, фәниден озған ағайын-туғанды еске алып, рухтарына тәу етіп, кемтарды қолтығынан демеп, жоқ-жітік пен мүсәпір-міскіндерге қол ұшын беру сынды мархабатты дәстүрлер қандай өркениеттің болсын өрелі үрдістерімен үндес. Бұл біздің мемлекетіміздің мұраттарына да етене жақын», − деді.
    Елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басты бағыты − халықтың әл-ауқатын арттырып, ынтымағымыздың ішкі тұрақтылығын сақтау болып табылады. Ал ішкі тұрақтылықтың сақталуының бір факторы ол дін екені баршамызға аян. Зиялы қауым өкілдері ұлтымыздың ұйытқысы деп бағалаған өңірімізде түрлі дін өкілдері береке-бірлікте өмір сүріп, әдет-ғұрыптарын жандандырып, дамытып келеді.
    Қымбатты жерлестер!
    Елімізде Құрбан айт мейрамын шат-шадыман көңіл-күймен қарсы алу игі дәстүрге айналды. Оңтүстікқазақстандықтар қоғамдық келiсiм мен дiнаралық татулықты одан әрi нығайтып, егемен елімізді өркендету мен оның рухани құндылықтарын сақтауға күш-жiгерiн аямай жұмсай бередi деген сенiмдемiз. Сiздердi Құрбан айт мерекесiмен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!

    Оңтүстік Қазақстан
    облысының әкімі Б. Атамқұлов

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.