Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мақтааралда шілденің алғашқы күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталады
    Айғақ TV

    Мақтааралда шілденің алғашқы күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан шардап шеккен үш ауылдың тұрғындарына арналып салынып жатқан жаңа мөлтек ауданның құрылысы қарқынды. Мұнда қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның бүгінде 46-сында ішкі әрлеу, 54-інде шатыр жабу, 239-ында қабырға қалау, 77-сінде бірінші жаппасын жабу, 10-ында іргетасын қалау жұмыстары жалғасуда. Жаңадан салынып жатқан 386 үйдің 196-сы үкіметтік резервтен, ал 190-ы қорлар есебінен бой көтеруде, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    «Алдағы 1 шілде күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталып, 100 үйдің шатыры жабылып бітеді деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс қарқыны бір сәтке де бәсеңдеп отырған жоқ. Мердігер мекемелер екі кезеңде жұмыс істеуде. Яғни, күндізгі және түнгі ауысымда жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге құрылыс материалдарынан немесе құрылысшылардан тапшылық орын алып отырған жоқ»,- дейді Мақтаарал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков.
    Жаңа мөлтек аудандағы 70 гектар аумақта тұрғын үй құрылысынан бөлек, инфрақұрылымдық яғни газ, су, жол, жарық тарту жұмыстары қатар жүргізілуде. Сондай-ақ, 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның орнын әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

      Айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда 31 мердігер компания мен оның 1507 құрылысшысы еңбек етуде. Өздеріне тиесілі үйлердің құрылысын жүргізуде жетісайлық «Нүрі-Л- Жетісай» құрылыс компаниясы алдыңғы қатарда келеді. Олар қазірдің өзінде 9 үйдің ішкі әрлеу жұмыстарын бітіруге таяу. Жалпы аталған компания осындағы 20 үйдің құрылысын жүргізу құқығын иеленген болатын. Бүгінде мердігер компанияда 110 құрылысшы мен 20-ға тарта техника тоқтаусыз жұмыс істеуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.