Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Пневмониядан 198 науқас жазылып шықты
    Айғақ TV

    Түркістан: Пневмониядан 198 науқас жазылып шықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазіргі таңда облыс тұрғындары тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке жиі жүгінуде. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталған. Статистика бойынша қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша провизорлық ауруханаларда 958 науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр. Оның ішінде, Түркістан қалалық ауруханасында 50, Кентауда 180 адамға ем жүргізілуде. Пневмониядан 198 науқас жазылып шықса, 1 маусымнан бері облыс көлемінде 23 адам аталған дерттен көз жұмды. Айта кететіні, көрсеткіш халықтың бейқамдығынан көтеріліп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі ауруханаларда орын жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ауруханаларда науқастарға төсек-орын жеткілікті.
    «Қазіргі таңда облыс көлемінде дәрі-дәрмек қоры мен оттегі орындары жеткілікті. Індетке қажетті антибиотиктарды алдырудамыз. Сондай-ақ, ауруханаларда төсек-орындар бойынша тапшылық жоқ. Қосымша орындар әзірленген. Мәселен, Кентау қалалық орталық ауруханасында 50 орындық соматикалық бөлімше қайта бейімделіп, қосымша 200 орындық төсек-орын, 16 оттегі орындары дайындалды. Ал Түркістан қалалық орталық ауруханасында қосымша 270 төсек-орын әзірленген. Орын алған жағдайға байланысты Түркістан және Кентау қалаларында науқастарды жоспарлы жатқызу тоқтатылған. ХҚТУ, «Акмарал» , «Клиника Талғат» сынды жеке клиникалар да өздеріне бекітілген тұрғындарға тиісті медициналық қызмет көрсетуде», — деді Марат Орынбасарұлы.


    Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков облыс орталығында екпе бөлмелерінің тапшылығына байланысты қосымша орындар даярланғанын жеткізді. Сондай-ақ, қалалық ауруханада төсек-орын саны артып, науқастарға қажетті дәрі-дәрмектер қосымша алынып жатқандығын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.