Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкентте карантиндік режим күшейтілді
    Айғақ TV

    Шымкентте карантиндік режим күшейтілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында карантиндік шаралар күшейтілді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне сұқбат берген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Мәлімдеге сәйкес, карантин режимі қатаңдатылды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.

    Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бүгіннен бастап базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06.00-ден 16.00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), сағат 05.00-ден 13.00-ге дейін (көтерме сауда базарлар) шектелді. Жұмыс кестесі 10.00 мен 18.00 арасы болып белгіленді.

    Қаладағы барлық  сауда нысандары (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.), ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендері сағат 21.00-ге дейін жұмыс істесе, әлеуметтік ара-қашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарының (кафелер, мейрамханалар және т.б.) жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары, құйылатын сусындар мен балмұздақтар және т.б. сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу енгізілді.

    Онлайн режімінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін жүргізілетін болды. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі әрі қарай дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07.00-ден 11.00-ге дейін, кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

     Сенбі-жексенбі күндері Жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерін (10.00-ден 21.00-ге дейін) қоспағанда, барлық сауда базарлары (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары) сауда нысандары (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, оның ішінде орналасқан дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмыстары тоқтатылды. Барлық қоғамдық тамақтандыру орындары мен қоғамдық көліктердің жүріп-тұруына да рұқсат жоқ.

    Карантин кезеңінде:

    1. Мектепке дейінгі (балабақша, түзету орталықтары және т.б.) ұйымдардың жұмысы тоқтатылды;

    2. Спорт нысандарының (фитнес-орталықтары, жаттығу залдары, спорт бассейні және кешендері) жұмысы істемейді.

    3. Базарлардың санитарлық күні демалыс күнге (сенбі, жексенбі) белгіленді;

    4. Қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарға, оның ішінде жиі жиналатын орындар, жаяу серуендеу орындары (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына және туристтік орындарға баруға шектеу қойылды;

    5. Қызмет көрсету саласының (автожуу, доңғалақ ауыстыру, май ауыстыру орталықтары, ТҚКС, әсемдік салондар, химиялық тазартқыштар; кір жуу, кілем тазарту, жабдықтарды, киім, аяқ-киім жөндеу орталықтары және т.б.), монша кешендері (сауналар, SPA-салондар, моншалар және т.б.) жұмысы тоқтатылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.