Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістандық азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды
    Айғақ TV

    Түркістандық азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін республика көлемінде «Біз біргеміз» онлайн-форумы және коронавирусқа қарсы күресте қажырлы еңбек етіп келе жатқан азаматтарға «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өткізілді. Ел рухын көтеріп, ел азаматтарына қанат бітірген іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, мазмұнды ой қозғады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

     «Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай мен «Халық алғысы» атты арнайы медальді тапсыруды ұйғардым. Бұл осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған. Бүгін «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн форумы аясында осы медальмен бір топ азаматты марапаттаймыз. Барша Қазақстан азаматына амандық, игілік тілеймін. Біз міндетті түрде жеңеміз. Себебі, біз біргеміз!», – деді Мемлекет басшысы.

    Онлайн-форум аясында еліміздің барлық өңірлерінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау саласының өкілдері, меценаттар, журналистер, волонтерлер және жалпы пандемиямен күресте ерекше көзге түскен барша саланың өкілдері марапатталды.

     Түркістан облысында 9 азаматты  облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы марапаттап, ел мүддесі жолындағы еңбектеріне ел атынан алғыс айтты.

    «Сіздер қауіпті індетке қарсы күресте адал қызмет етіп жүрсіздер. Президентіміз еңбектеріңізді бағалап, арнайы құрмет көрсетіп отыр. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Бұл қиындықты да бірге еңсереміз», – деді облыс әкімі.

    Жалпы Түркістан облысынан 140-тан астам азамат осы марапатқа ұсынылды. Алдағы уақытта аудан, қалаларда еңбегімен ел алғысын алған осы азаматтарға да «Халық алғысы» медалі тапсырылатын болады. Марапатты аудан, қала әкімдері мен мекеме басшылары тапсырады деп жоспарланған.

    Онлайн-форумда өңірлерден азаматтар өз ойларын білдіріп, қауіпті індетті бірлікпен, қатаң тәртіппен жеңуге болатынын айтты. Тұтас Қазақстан біріксе, бұл қиыншылық та артта қалатыны анық. Біз біргеміз!

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.