Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»22 маусым — Ұлы Отан соғысы басталған күн
    Айғақ TV

    22 маусым — Ұлы Отан соғысы басталған күн

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Дәл осы күні — 79 жыл бұрын, неміс-фашизмі Кеңес әскеріне шабуыл жасады.  Келісімді бұзып, асқан дайындықпен тұтқиылдан жасалған шабуылға тойтарыс беруге  Қызыл әскер дайын емес еді. Ал, аты шулы “Барбаросса” келісімі жасалды ма?  Кеңес үкіметі шын мәнінде соғысты күтпеді ме? Тарих қойнауында қалып, әлі күнге дейін ашылмаған соғыс сауалдары қаншама?!

     1941 жылдың 22 маусымы  адамзат тарихындағы ең сұрапыл жылдардың басталған кезі. Әрбір азаматтың көкейінде қорқыныш ұялаған күн. Екі елдің арасындағы келісім бұзылып  Радиолардан естілген Левитан Борисовичтің дауысы сол жолы қастерлі соғыстың басталғанын хабарлады.

    Кеңес әскеріне шабуыл жасар кезінде неміс-фашист армиясында 8 жарым мыңдай адам болды.  Сыбайластарымен қоса алғанда Германияның Шығыста 190 дивизиясы 47 260 зеңбірегі мен миномет, 5000 мыңға жуық ұшақ  бар болғаны тарих беттерінен  белгілі . Ал Кеңес Одағында  1941 жылдың қаңтар айындағы есебі бойынша 4 200 Қарулы күштері бар болатын.  Бұл көрсеткіш сол жылдың маусым айында 5 миллион адамға жетті.  Ұрыс өнерін білгенде — білмегенде қызыл майданға есепсіз жөнелтілді. Қарудың жетпеуі, тұтқиылдан жасалған шабуыл Кеңес әскерінің алғашқы ұрыстарда жеңілуіне алып келді.

    КСРО 1941 -1945 жылдардың ішінде 653 мың ұшақ, 287 мың танк, 1041  зеңбірек жасап шығарды. Қаза тапқан 70 миллион адам адамзаттың соғысқа және оны туғызған империалистік системаға төлеген жан түршігерлік құны болды. Тұтас алғанда Совет одағының шығыны 2 триллион 60 миллион  сомдай деп бағаланды.  Совет  Қарулы Күштері  соғыс жылдары немістің 5065 дивизиясын құртып жіберді.  Германия СССР-ге қарсы соғыста 11 миллион адамынан айырылды. Ал, Түркістан облысының өзінен 150 мыңнан астам  азамат  соғысқа аттанған. Олардың арасынан Кеңес Одағының батыры атағын алғандар аз емес.

    Бүгінде  қанша қадірлесек те майдангердің есінен сол бір қатулы жылдар кетпейтіні сөзсіз. Соғыс салған жарақат тәнінде мәңгі қалмақ. Бейбіт күннің бағасын олардан артық білер жан жоқ, сірә. Елімізден аттанған миллионнан  астам жауынгердің әрбірі батыр біз үшін. Ал Жеңіс туы желбіреген 9 мамыр жақсылықтың нышаны болып есте қалары аян.

    Ақнұр Қарабай

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.