Қала күніне орай, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараевқа құттықтау білдірді. Облыстағы мәслихат хатшысы: Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен республикалық маңызы бар қалалардың қатарына кірген Шымкент қаласының күннен күнге дамып келе жатқанын, әлі де зор мүмкіндіктерге қол жеткізе алатынын атап өтті. Ғани Ташқараевқа қаланың даму жолында еңбек етіп жүрген азамат ретінде алғысын айтып, ақ тілегін арнады.