Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті «қала күнімен» құттықтады. Қайрат Рахымұлы өз сөзінде «қала күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Жарлығымен республикалық қала статусы берілгеніне екі жыл толған Шымкент бүгінде көркейіп,гүлденіп,қарқынды даму жолына түскеніне баршамыз куәміз.
Шын мәнінде еліміздегі үшінші мегаполисте күн санап көрікті ғимараттар,зәулім құрылыстар жүргізіліп,заманауи инфрақұрылым қалыптасып,жаңа шағын аудандар бой көтеруде.
Жаңа ғасырда ірі мегаполис атанған Шымкенттің халықаралық аренадағы абыройы мен беделі артып келеды.Елімізде мәдениет ,білім,өнер ордаларының біріне айналды.
Оған дәлел – биылғы Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы 2020 жылға арналған ЮНЕСКО-ның естелік даталар күнтізбесіне енгізілгендігі.
Соынмен қатар,2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) Мәдени Астанасы болып белгіленді.
Бұл – біз үшін зор қуаныш!
Әрине, бүгінгі Шымкенттің осындай жетістіктерге жетуіне сіздің еңбегіңіз ерекше деп білемін.
Көрікті Шымқала гүлдене берсін, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын,-деп ақ тілегін білдірді.