Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Медицина қызметкерлері марапатталды
    Айғақ TV

    Түркістан: Медицина қызметкерлері марапатталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.06.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,  еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,  «Еңбек ардагері»  және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»,  » Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапаттады.

    «Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемиямен күресте сіздердің еңбектеріңіз ерен. Қарусыз майданда күні-түні тынымсыз еңбек етіп, талай жанның өмірін арашалап келесіздер.  Сіздерге  мың алғыс айтамыз «,-деді облыс әкімінің орынбасары.

    Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жетілдіру мақсатында, өңірде мамандардың біліктілігін жоғарылату жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

    «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 5 айында 823 маман біліктілігін арттырды. Оның ішінде 44 маман Ресейдің Новосибирск, Санкт-Петербург  қалаларында біліктіліктерін арттырып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Биылдың өзінде мамандардың жоғары кәсіби деңгейлерінің арқасында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 17 және облыстық балалар ауруханасында 80 күрделі ота жасалған.

    Емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтары да үздіксіз толықтырылуда.  Биыл жансақтау бөлімшелері  7 дана лопороскопиялық хирургияға арналған видеоэндоскоптық жиынтықпен,   9 дана ультрадыбыстық жүйелермен, 38 дана наркоз аппараттары мен өкпеге жасанды дем беру құрылғылары, 1 дана компьютерлік томограф құрал – жабдықтарымен жабдықталды.

    Жалпы,  қазіргі таңда облыс бойынша 5202  дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Қазіргідей қиын-қыстау әрі,  өтпелі кезеңде әр қайсысының еңбегі ерен, орны ерекше.  Карантин режиміне байланысты қалған медицина қызметкерлерінің марапаттары жұмыс орындарына жолданды.

    Облыс бойынша биыл «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен,  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасы» және «Еңбек ардагері» медалімен, Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандар «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» мен «Халық алғысы» медалімен 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталып отыр.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.