Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 66 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА 66 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.06.2020867 Views

    Мақтаарал ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Екі жақтың келісімімен Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы (ӨКФ) тарапынан мамыр айының басында  Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен елді мекен  тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетілді.

    Қазақстан және Өзбекстан делегациясы «Өргебас» және Фердоуси ауылдарына барып, су апаты зардаптарын жою барысындағы атқарылған жұмыстардың барысымен және «Достық», «Жеңіс», «Жаңа-тұрмыс» елді мекендеріндегі су тасқыны кесірінен баспанасыз қалған азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.  

      Сондай-ақ, екі елдің кәсіподақ төрағалары Мырзакент кентінде жергілікті тұрғындармен  және су апатынан зардап шеккен елді мекендердегі мектеп  басшыларымен кездесті.

    ҚРКФ басшысы Аманжолов, Мүсірепов, Фердоуси атындағы орта мектептер мен «Нұрлы жол» елді мекеніндегі білім ұясына  25 ноутбук, 25 парта мен 50 орындық, 2 принтер, бір-бірден мультимедиалық тақта табыс етті.

    Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің 100 тұрғынына ҚРКФ қарасты «Көктем», «Меркі», «Манкент», «Жаңақорған», «Щучинск» шипажайларына жолдама беріліп, ем қабылдауларына мүмкіндік жасалынып отыр.  Тегін жолдамалар зейнеткерлер, мұғалімдер мен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да берілді.

    Апаттан зардап шеккен ауданның мұғалімдеріне Республикалық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы тарапынан да елеулі қолдау көрсетіліп, 365 білім саласы кәсіподақ мүшесіне материалдық көмек ретінде 35 мың теңгеден берілді. ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары 50 млн. теңгенің көмегін көрсетті.

    Өзбекстан кәсіподақтары жалпы сомасы 16 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек алып келді. Соның ішінде алғашқы қажеттілік тауарлары,  құрылыс материалдары, төсек-орын жабдықтары мен азық-түліктер бар.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.