Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — бақыт, Мәңгілік ел — мұрат, Әділ сот — мақсат» атты велошеру өтуде.Велошеру Шымкент қаласының «Тәуелсіздік» саябағынан бастау алып, Түркістан қаласының «Есім хан» алаңында мәреге жетеді. 180 шақырымдық жолды басып өтетін велошеруге облыстық соттың төрағасы, облыс прокуроры мен мәслихат депутаттары, сондай-ақ, 70-тен астам еріктілер қатысуда. Облыс әкімдігі мен облыстық соттың ұйымдастыруымен өтіп жатқан спорттық шара — еліміздің Тәуелсіздігін, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда өз үлестерін қосып жатқан велошабандоздар Түркістан қаласына кешкі сағат 18.00-де жетіп барады деп күтілуде.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі