• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкентте бірқатар басқармалар қайта құрылымдалды

16.06.2020
0

Дүйсенбіде қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы  сессиясы  онлайн режимде өтті. Депутат Сұлтанова Төреайым төрағалық еткен мәжілісте сессия  күн тәртібіндегі екі  мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттығына ұсыну туралы болды.

Мәслихат депутаттары Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатына 2019 жылы 24 маусымда Сенат депутаттығына сайланған Қаппарова Айгүл Жарылқасынқызын кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2020 жылдың 12 тамызына белгіленді.

Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша,  «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» Шымкент қаласы мәслихаттың 2018 жылғы шешіміне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын тиімді пайдалану және штат санын оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Шымкент қаласының басқару схемасына келесі өзгертулер енгізілді.

Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен  дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды.

Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы мен отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалары біріктіріліп, «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» болып қайта құрылды. Айта кетерлігі, Ішкі саясат, жастар және отбасы істері мәселелерін ұйымдастыру және оларды қадағалау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрліктің құзыретіне кіреді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы мен  жер қатынастары басқармалары біріктіріліп, «Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» болып қайта құрылды.

Шымкент қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына тұрғын үй инспекциясының функциясы қосылып, «Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» болып қайта құрылды.

Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон функциясы жұмыспен қамту басқармасына беріліп, басқарма «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» болып өзгерді.

Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларының ұзартылуына байланысты  күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының  және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырыстарында  егжей-тегжейлі талқыланды

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.