Тауға шыққан 2 жасөспірім іздестіріліп жатыр. 15 маусымда сағат 23-00-ден бастап Төле би ауданының Біркөлік ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан «Біркөлік» демалыс аймағынан табиғатты тамашалауға кеткен саяхатшы топтың жолдан адасып кеткендігі белгілі болды. Қосымша көмекке жұмылдырылған Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 маусымда күндіз бір топ құрамында тауға шығып, адасып кеткен 3 оқушыны іздестіру жұмыстары жүргізілген. (2003 ж.т. 9 оқушыдан және 1 тәрбиешіден тұратын топ).
15 маусымнан 16 маусымға қараған түні Шымкент қаласының ТЖД құтқару қызметінің іздестіру тобы 2003 жылы туылған 17 жастағы Д.Нұрсейіттің мәйітін тапты. Дерек бойынша, ол таудан құлап кеткен, денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытқа дейін 2 оқушыны іздестіру жұмыстары жалғасуда (олармен ұялы байланыс бар, кеңес берілді, құтқарушылардың келуін күтуде).