Шымкент қаласының Наурыз алаңында этноауыл бой көтерді. Бірақ, әлі де атқарылатын жұмыстар баршылық. Шымкент қаласы — «ТМД елдерінің мәдени астанасы» атанған сәттен бастап, түрлі мәдени орындардың құрылысы басталған болатын. Алайда, елімізде енгізілен төтенше жағдайда жұмыс орындар өз қызметін тоқтатып, іс-шаралар өткізілмеді. Әлі де карантин режимінің сақталуына байланысты қазақтың салт-дәстүрі, халқымыздың терең тарихы таныстырылатын этноауыл орталығының қашан ашылатыны белгісіз. Жергілікті кәсіпкерлердің де қолдауымен бой көтерген мәдени орталықтың қазіргі көрінісі осылай.