Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мақтааралда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын
    Айғақ MEDIA

    Мақтааралда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.06.20201 303 Views

    Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір екі баспананың есік-терезелері орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары алдағы бір-екі күнде толығымен аяқталмақ. Бұдан бөлек, 5 үйдің шатыры жабылып, қалған 13 үйдің қабырғалары өрілуде. Құрылыс жұмыстары бітуге таяп қалған қос үй «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясына тиесілі. Бүгінде аталған компанияда 130 құрылысшы мен 20 -дан астам техника тынбай жұмыс істеуде, — деп хабарлайды Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    «Қазір құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс материалдарынан қолбайлау жоқ. Қол күші мен техникалар жеткілікті. Соның нәтижесінде біз алғашқы екі үйіміздің құрылысын аяқтауға жақынбыз. Мұндағы құрылысшыларға барлық жағдайлар жасалған. Белгіленген кестеге сай жұмыс атқару үшін екі кезеңде еңбек етуге тура келіп тұр. Жалпы біздің компания осы мөлтек ауданнан 20 үйдің құрылысын салуды өз мойына алған болатын», – дейді «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясының шебері Жұмағали Әйтеков.


    «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясы жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары бойынша көш бастап келеді. Өйткені олар жаңбырлы кезеңдерде де тоқтаусыз жұмыс істеп, ауыр техникалар жүретін жолдарға дер кезінде тас төсеп отырыпты. Содан болса керек, мұндағы үйлердің іргетастары бір мезетте құйылып, қабырғалары да бір кезеңде қалануда.
    Жалпы айта кетейік, жаңа мөлтек ауданда 37 мердігер мекеме тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Мұндағы 383 тұрғын үйдің құрылысына 1334 адам жұмылдырылған. Бұл үйлердің құрылыс жұмыстары ҚР Үкіметінің резерві және Қорлар есебінен («Б.Өтемұратов», «Салиқалы ұрпақ» және «БізБергеміз») жүргізілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.