• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкенттік мұғалім Coca-Cola-дан қаржылай жүлде ұтып алды

10.06.2020
0

Қазақстандықтар прототиптер құру мақсатында Coca-Cola-дан 4.5 миллион теңге ұтып алды.

Жеңімпаздар арасында: Шымкент қаласының мұғалімі, Алматы облысының студенті мен Павлодар қаласының оқушысы.

Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі осы жылдың ақпан айында жарияланған прототиптерді әзірлеуге арналған Coca-Cola-мен бірге ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын шығарды. Байқау екі кезеңнен тұрды: біріншісі – идеялар байқауы, екіншісі – прототип жасау. Қатысушылар өз өтініштерін мынадай үш бағыт бойынша жібере алды: «тұтынушылармен байланыс», «тұтынушыларды қызықтыру» және «қалдықтарсыз әлем».

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен 138 өтініш қабылданды. Әділқазылар алқасы үздік деп санаған 9 идея іріктеліп, ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Байқаудың екінші кезеңіне 37 өтініш жіберілді. Ақтық байқаудың қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды, әрбір қатысушы байқау ұйымдастырушыларынан 1 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды: Бекболат Азамат (Павлодар қ.), Мамен Ерболат (Алматы облысы) және Қалдыбаев Нұрбол (Шымкент қ.).

Astana Hub баспасөз қызметі хабарламасында қатысушылар байқаудың екінші кезеңінде прототиптердің әзірлемесін ұсынғаны белгілі болды.

Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бекболат Азамат Coca-Cola клиенттеріне арналған әлеуметтік желі ретінде көрініс тапқан Android/IOS операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін кросс-платформалы қосымшаны ұсынған болатын: «Пайдаланушы қосымшада басты суретін өзгерте алады, достарын қосып, хабарламалармен алмасып, 4 адамға дейін видеомен байланысқа шыға алады, сонымен қатар, әуен де тыңдай алады. QR-кодты сканерлеу функциясы арқылы қолжетімді музыкалық хиттерге бонус ретінде балл жинауға мүмкіндік бар. Елдегі карантин режиміне қарамастан, барлық қатысушылардың жобаларын онлайн қорғауына мүмкіндік берген Astana Hub және Coca-Cola-ға алғысым шексіз».

Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика мұғалімі компания тұтынушыларын қызықтыруға арналған қосымша ойлап тапты:

«Өзім ойластырған қосымша арқасында компания клиенттері қақпақтағы QR-кодты сканерлеп балл жинай алады, кейін оларды компания сыйлықтарына айырбастауға мүмкіндіктері болады. Одан бөлек, қосымшада акциялар, өнім жарнамасы және мобильді ойындардар да бар. Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі мен Coca-Cola компаниясына алғысымды білдіремін».

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті инженерлік факультеттің магистрі Мамен Ерболат Coca-Cola өнімін төлеудің сатушысыз іске асатын шешімімен таныстырды.

«Өзім студент болған соң, тек қолма-қол ақшасыз төлемді қолданамын. Сонымен қатар, біздің елде қолма-қол ақшасыз төлемді іске асыратын автоматтар жоқ-тың қасы. Сондықтан IT-маман ретінде білімімді пайдалана отырып, Astana Hub және Coca-Cola ұйымдастырған байқауға қатысуға шешім қабылдадым және «Smart холодильник» атты өнімімді де ұсындым. Қосымшаның көмегімен тұтынушы QR-кодты сканерлеп, өзіне сусын сатып ала алады, ал төлем автоматты түрде клиенттің картасы я әмиянынан төленеді, одан бонус та ұтып алуға болады».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.