Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Worldskills Turkestan 2020» Облыстық чемпионаты басталды
    Айғақ MEDIA

    «Worldskills Turkestan 2020» Облыстық чемпионаты басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.06.2020716 Views

    Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған «Worldskills Turkestan 2020»байқауында Түркістан облысының 319 студенті 46 мамандық бойынша бақ сынауда,- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Чемпионат 10 күн бойы жалғасады. Әлемнің 83 мемлекетіне таралған халықаралық біліктілік сайысы колледж студенттері мен жас мамандар арасында білікті кадрларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаты —  жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру.

    Сайыста жастардың тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады. Сайыстың биылғы ерекшелігін атап өтер болсақ, Түркістан шаһары үшін аса маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр. «BI Group» компаниясы білікті мамандарға қолдау көрсетіп, демеушілік жасауда.  Жеңімпаздары ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Сонымен қатар, бірінші орын иегеріне теледидар, екінші орын иегеріне планшет табысталады. Қалған жеңімпаздарға да арнайы сыйлықтар қарастырылған.

    Түркістан өңірі аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктер аз емес. Былтыр мәселен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan — 2019» V республикалық чемпионатына облыстан 33  студент қатысып, оның ішінде өз шеберліктерін көрсете білген 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алды. Жалпы командалық есепте облысымыз үшінші орынды иеленген болатын. Облыстың студенттеріне биыл да үлкен үміт артылып отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.