• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында коронавирус індетіне байланысты карантиндік режим ұзартылды

09.06.2020
0

Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.
С.Қалқаманов облыс тұрғындарын жарияланған карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«2020 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның расталған 400 жағдайы тіркелген. Жазылғандар саны — 257. Инфекцияның жұқтыру көздері бойынша 84 науқас жұқпаны сырттан әкелген (Нұр-Сұлтан-1, Ақтаудан-1, Атыраудан-31, Алматыдан-2, Шымкенттен-2, Қызылорда-1, Павлодардан-1 және Ресейден келген-5, Туркиядан келген-1, Өзбекстан-37, Жезқазған-2. Біз бұл індеттің таралмауына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек», деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, брифингте сөз алған Түркістан облысының Бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов карантин режиміндегі бірқатар шараларды атап өтті.
«Облыс аумағында 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде бетпердені міндетті түрде тағу қажет. Қоғамдық орындарда адамдар арасындағы ара қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс. Маскалық режимді сақтай отырып саябақтарда, алаңдар мен скверлерде, жағалауларда азаматтардың серуендеуіне рұқсат етіледі. Отбасылық іс-шараларды өткізуге және мұндай жерлерде топталып жиналуға тыйым салынады. Ал, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін жиналуына рұқсат етіледі», – деді Н.Нышанов.
Сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сауда, ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, түнгі клубтардың және мал базарларының қызметіне тыйым салынды. Бұдан бөлек, карантин кезінде сақтық шараларын сақтай отырып, бірқатар мекемелердің жұмыс істеуіне болады. Атап айтқанда, медициналық орталықтарға, стоматологиялық клиникаларға, сұлулық салондарына, шаштаразға алдын ала жазылу арқылы баруға болады. Сондай-ақ, азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысына сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеу қойылды. Құрылыс дүкендері, оптика, гүл дүкендері, зоомагазиндері де белгіленген уақытпен жұмыс істейді. Ал, техникалық қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу орындарының, шиномонтаждау, автобөлшектер дүкендерінің, автосалондардың жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін деп белгіленді.

50 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары және басқа да халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілері сағат 10.00-ден 22.00-дейін жұмыс істейтін болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың, балалар үйлерінің балаларын жазғы сауықтыру үшін Түлкібас ауданындағы «Самал» балалар сауықтыру лагерінің және тек қана Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен балаларды жазғы сауықтыру үшін Сарыағаш ауданындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінің жұмысына рұқсат етіледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

19 КӘСІПОРЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА БАСПАНА

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте  тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

АҒАЙЫНДЫ ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте 105 жас кадет әскери өмірге алғашқы маңызды сертін берді. Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің 1-оқу ротасы салтанатты түрде Әскери...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.