Тойханалар ашылмайды. Демалыс орындарының сонымен қатар, халық көп шоғырланатын орталықтардың жұмыс кестелері өзгертілетін болды. Маусымның 8 мен 22-не дейін карантиндік режим сақталып, ережелері мен қағидалары тағы да нақтыланды.
Яғни, Шымкент қаласында инфекцияны жұқтырғандар санының күрт өсуінен карантиндік режимнің уақыты ұзартылды. Оған себеп, 5 күннің ішінде 250 жағдай тіркелген. Қоғамдық орындардың жұмыс кестелеріне өзгеріс енгізілетін болып шешілді.
Талаптардың жаңартылуына байланысты өткізілген мәжілісте Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері демалыс орындарының жабылатынын айтты.
Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігерінің 20- ыншы каулысына сай, қоғамдық тамақтанатын орындардың жұмыс уақыты 23-00 дейін ұзартылса, ал сауда орындары 19-00 уақытында есіктері жабылу шарт. Ал, бағынбағандар 30 айлық есеп көрсеткішіне сәйкес айыппұл төлейтін болады. Қала аумағында санитарлық нормаларды тексеру барысында 7 бірдей кәсіпорынның ережелерді сақтамаған жайты анықталған. «Ендігі кезекте заңға бағынбағандар жұмыстарын тоқтататын болады» — дейді Әбдіманап Төлебаев.