Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің Бас редакторы болып — Оралхан Дәуіт тағайындалды. Ақпарат саласының майталманы, қаламы жүйрік журналист -Оралхан Дәуіт бұған дейін ғасырға жуық тарихы бар «Жас Алаш» газеті Бас редакторының орынбасары қызметін абыроймен атқарған. «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі және «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып та қызмет атқарды.
Әріптесіміздің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.
БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...










