Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев мақтааралдықтармен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.06.20201 070 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін тағы да Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс әкімі халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйін көрді, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкімі апаттан жапа шеккен тұрғындардың өтемақыларын тездетіп төлеуді, ауылдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын жеделдетуді жүктеді. Қираған үйлерді бұзып, құрылыс материалдарын тасымалдауға Өзбекстан елінің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі тарапынан да көмек күші жұмылдырылған.

    Өргебас ауылындағы 197 үйдің барлығыжаңадан салынады. Олардың 90%-на құрылыс қаражатының жартысы берілген. 20-ға жуық үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. Су шайған ауылдардың барлығында инфрақұрылымы толығымен жаңартылуда. Өргебас және Фирдоуси ауылдары халқының 70%-ы жаңа үй құрылысына берілетін 17 млн теңге қаражаттың 8,5 миллионын қолдарына алды.

    Фирдоуси ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде дер кезінде қолға алынған шаралардың оң нәтиже бергенін айтып, алғыс білдірді. Ауылда 320 тұрғын үй болса, оның жартысынан астамы үй тұрғызатын қаражаттарын қолдарына алған. Ауылда апаттан зардап шеккен баспаналар бұзылып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кеткен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.