• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Абылай Мырзахметов 0 пайыздық несие беруді ұсынды

Экономиканың дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы дайындалып жатыр.

05.06.2020
0

Эконономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына қатысқан Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов төтенше жағдай режимінің микро және шағын бизнеске қандай шығын келтіргенін егжей-тегжейлі баяндады. Карантиндік шектеулер әсіресе қонақ үй мен мейрамхана иелеріне, бөлшек сауда нысандарына ауыр тиген көрінеді. 735 мың адамды жұмыспен қамтып отырған саланың табысы карантин кезінде 44,7 пайызға түскен. Ал қонақүй, мейрамхана, дәмхана иелері бұл кезеңде 52,6 пайыз табыс жоғалтқан. «Бұдан бөлек көлік, тұрмыстық қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар, ойын-сауық орындары да 10-36 пайыз көлемінде табысынан айырылды. Сонда қазіргі таңда 1,3 млн адамды жұмыспен қамтып отырған 838 мың микро және шағын бизнес нысаны банкроттың алдындағы қиындықтармен күрсеуде деп айтуға болады», — деді ұлттық палата өкілі. Оның сөзіне қарағанда карантиндік шектеулер алынғанымен, бұрынғы қарқынға оралу әзірге мүмкін болмай тұр. Сауалнамаға жауап берген 16 мыңнан астам кәсіпкер 20 мамыр мен 2 маусым аралығында табыстары орта есеппен 30 пайызға түсіп кетті деп жауап берген. Осының салдарынан алдағы бірнеше айда көптеген кәсіпорын жұмысшыларын қысқартуы мүмкін екенін мойындаған. «Біз екі нұсқа ұсындық. Ресейдің тәжірибесін көріп отырмыз. Зардап шеккен бизнес нысандарына жұмысшыларына айлық төлеуге нөл пайызбен несие береді де, бір жылдың ішінде жұмысшылардың 90 пайызын сақтап қалса, борышты толығымен кешіреді. Әрине мұның да өз тәуекелі бар. Бөлінген қаржы тиімді игерілмеуі мүмкін. Әкімшілік қиындықтар туындауы да ғажап емес. Бірақ 800 мыңнан астам бизнес нысанын қолдаусыз қалдыра алмаймыз», — деді Абылай Мырзахметов. «Атамекен» ҰКП Үкіметке жұмыспен қамту шараларына мониторинг жасайтын бірыңғай ситуациялық орталық құруды ұсынып отыр. Абылай Мырзахметов мұндай орталық барлық өңірлер мен министрліктерден, кәсіпорындардан түсетін ақпараттарды бір арнада тоғыстырып, нақты жағдайды бағамдауға мүмкіндік береді дегенді айтты. Ұлттық палата да оны құруға күш салуға дайын көрінеді. «Біз бұл тұрғыда жеке меншік ресурстар мен мемлекеттік ресурстардың бірлесіп жұмыс істейтін кезі келді деп ойлаймыз. Еnbek.kz, HeadHunter, Naimi.kz сияқты ақпарат алаңдары бар. Солардағы бос орындар мен жұмыс іздеушілерді, уақытша жұмыссыз қалғандарды тоғыстырып, жұмыссыздық мәселесін шешуге болады», — деді ол. Ұлттық палата өкілі кәсіпкерлер несие төлемін шегеру мерзімін ұзарта тұрса деген өтініш айтып жатқанын да жеткізді. «Кәсіпкерлердің көбі жұмыстарын бастағандарына екі-ақ апта болғанын айтуда. 15 маусымда несие төлемін шегеру мерзімі бітеді. Ал оларға айлық төлеп, салық аудару, несие өтеу дәл қазір өте ауыр. Бизнес несие төлемін шегеру мерзімін соза тұру мәселесін көтеріп отыр», — деді Абылай Мырзахметов

inbusiness.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.