Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мақтааралда су басқан ауылдарды күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда
    Айғақ MEDIA

    Мақтааралда су басқан ауылдарды күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.20201 340 Views

    Мақтаарал ауданы Жаңажол ауыл округіне қарасты Фердауси, Өргебас, Жеңіс ауылдарында топан судан зардап шеккен үйлерді бұзу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Жеңіс елдімекеніне жауапты боп бекітілген Шардара ауданы әкімдігі зақымдалған 66 тұрғын үйді бұзу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмыстарға Шардара ауданынан күнделікті 30 адам мен 11 арнайы техника тартылған, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


    «Аталған жұмыстарға Шардара ауданынан күнделікті 30 адам тартылып отыр. Бүгінгі таңға жалпы 410 адам және 11 техника күндіз-түні тоқтаусыз еңбек етуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың өтініштері бойынша жалғасын тауып келеді»,- дейді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.
    Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Өргебас пен Фердауси ауылдарында да атқарылуда. Бүгінге дейін Фердауси ауылында 14 көше тазартылып, 200 үйде бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға аталған елдімекеннен 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылыпты. Бұл жұмыстарға ауылға жауапты Келес ауданы әкімдігі 130 адам мен 11 техника жұмылдырған.


    Ал, Өргебас ауылына жауапты Жетісай ауданы. Мұнда бүгінде 189 үй бар болса, соның 162-інде бұзу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, 31 үй бұзылып, алаңшасы іргетас құюға дайындалуда. Бүгінгі таңда Өргебаста 8,5 млн теңге алу үшін 169 адам келісімшартқа отырып, оның 164-не қаржы аударылған. Бұзу және қоқыстарды шығару жұмыстарын Өзбекстаннан келген 4 эксковатор, 2 камаз, 1 жүк мен бульдозер және 30 әскери адамдар атқаруда. Жалпы ауылда жұмыс істеп жатқан адам саны 205-ке жетіп отыр. Оның 30-ы Өзбекстан азаматы, 5-і Жетісай, 20-сы А. Қалыбеков ауылдық округінен келген бригада, қалған 150-і жергілікті тұрғындар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.