Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкенттің агро-индустриалды аймағында 6 жоба жүзеге асырылады
    Айғақ MEDIA

    Шымкенттің агро-индустриалды аймағында 6 жоба жүзеге асырылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.06.2020506 Views

    Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді, —  деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитын жол картасы дайындалған.
    «Жол картаға сәйкес бірінші кезеңде агроиндустриалдық аймақта 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы инвесторларға жер үйлестіруге қажетті құжаттары жинақталды. Өз кезегінде, жеке инвесторлар жылыжай кешенін салу жобаларын 2020-2022 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделуде. Ал, екінші кезеңнің жобалары 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады»,-деді басқарма басшысы.
    Осы ретте, қала басшысы агро-индустриалды аймақты дамыту арқылы қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылық өнімдерінің импортталуын азайту қажет екенін айтты.
    «Агро-индустриалды аймақтарды құрудағы басты мақсат – қаламыздың инвестициялық мүмкіндігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Жобада ауыл шаруашылығы саласын дамытып, аграрлық секторды экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру көзделіп отыр, сондықтанда тиісті ұйымдастыру жұмыстарына қарқын беру керек»,-деді М.Әйтенов.
    Агро-индустриалды аймақтың негізгі артықшылықтары: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды шаруаларға тегін жеткізу, кәсіпкерлерге субсидия алуға қолдау көрсету, өнімді тасымалдау мен сақтауды ұтымды ұйымдастыру.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.