Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда биыл 18 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда биыл 18 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.06.2020498 Views

    Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және болашақта тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысындағы басымдықты бағыт болуы тиіс екенін атап айтты. Сонымен қоса, тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алады. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының барысы туралы PrimeMinister.kz сайтында жарияланды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.

    Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және ағымдағы құрылыс көлемін қолдау үшін Мемлекет басшысы Үкіметтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд теңге қаражат бөлу туралы ұсынысын мақұлдады.

    Түркістан облысында 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп,  3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.

    2020 жылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған.

    Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша ағымдағы жылы тұрғын үйлер құрылысы үшін барлығы 30 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,5 млрд теңге бағытталды.

    Жыл қорытындысы бойынша 28 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 2 нысан  2021 жылға өтпелі.

    2019-2020 жылдары 0,35%-бен құнды қағаздарды (облигация)  сату есебінен 7 қабатты 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, нысандар 2020 жылы пайдалануға тапсырылады.

    Сонымен қатар, құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты 64 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд теңге бөлінді.

    Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.