Бұл сессия бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы қашықтықтан өз жұмысын қорытындылады. Облыс орталығында өткен жиынға санаулы ғана халық қалаулылары қатысып, осыған дейін онлайн форматта жүргізілген тұрақты комиссия отырыстарындағы мәселелерді бірауыздан мақұлдады.
Коронавирус дертінің таралуын болдырмау жөніндегі талаптардың күшеюіне байланысты бірқатар жұмыс орындары әлі де карантиндік режимде жұмыс істеуде. Осы ретте, Түркістан облыстық мәслихаттың 50 депутаты онлайн түрде өз міндеттерін атқарып келеді.
Сессияға депутат М.Мейірманов төрағалық етті. Күн тәртібіне енгізілген 24 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.