Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады
    Айғақ MEDIA

    Шымкент 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.05.2020585 Views

    Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов интернетпен қамту мәселелері бойынша онлайн режимде өткен аппараттық жиында айтып берді.
    Қаладағы шағын аудандарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жайын баяндаған цифрландыру басқармасы басшысының м.а. Р.Ақжігітов қала аумағындағы 105 шағынаудан мен тұрғын алаптары интернет желісімен қамтамасыз етілгенін, оның ішінде мобильді интернетке — 74, сымды интернетке — 79, талшықты-оптикалық байланыс арнасына 49 шағынаудан қол жеткізгенін атап өтті, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Оның айтуынша, бүгінде интернет желісіне қатынау мүмкіндігі бар үй шаруашылықтарының үлесі 90,7 пайызды құраған. Оның ішінде 98,5%-ы мобильді кең жолақты байланысқа, ал 21,8% сымды кең жолақты байланысқа қосылған. Ал, интернет желісін пайдаланушылар үлесі 80%-ды, тіркелген интернет абоненттерінің саны 75,5% құрайды екен. Бұдан бөлек, ол 20 шағынауданда интернет желісі, ал 16 тұрғын алапта мобильді интернет сапасы нашар екенін айтты.
    Жиын барысында байланыс операторлары тұрғындардың денсаулыққа зиян келтіреді деген шағымдарының әсерінен бірнеше шағынаудандарда базалық станциялар алынып тасталғанын айтып, базалық станцияларды орнатуға арнайы жердің қарастырылмағанын жеткізді.
    Осы ретте, қала әкімі жылдамдығы төмен аймақтарды 100 пайыз жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз етуді тапсырды.
    — Қаланың әрбір тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізуі керек. Қазір мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі интернет арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сапасы төмен елдімекендерге көңіл бөліп, 5G жылдам интернет желісін қолға алуымыз керек,-деді М.Әйтенов.
    Қаладағы кейбір шағын аудандарда 5G тұрмақ, 4G желісінің сапасы төмен екенін айтқан шаһар басшысы Шымкент қаласын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспар құрып, 5G технологиясына өтуді жүктеді. Сонымен қатар, әкім салалық басқармаға ұялы байланыстың базалық станциялары мен қажетті жабдықтарды орнатуға тиісті жер учаскесін бөлу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.