Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкеріне қатысты ұсыным қаралды
    Айғақ MEDIA

    Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкеріне қатысты ұсыным қаралды

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.05.2020971 Views

    Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда.

    Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппаратының, сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

    Кездесуге Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас және қала әкімінің орынбасары М.Исахов, әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, әкімдік қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымы қатысты.

    Онлайн шара барысында қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды.

    «Біз шенеуніктерді отырғызудан ұзақ мерзімді нәтиже болмайтынына сенімдіміз. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлықтың себептерін, яғни олардың алғышарттарын бірлескен шаралармен жоюымыз қажет және осы мақсатта бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз» — деді Департамент басшысы Асхат Жұмағали.

    Аталған мемлекеттік қызметші төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушысынан базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған.

    Одан бөлек, ол тұрғынның шынжыр табанды трактор техникасын тіркеу үшін және ауыл шаруашылық техникасын жүргізу куәлігін ауыстыруға осы басқарманың бас маманы арқылы ықпал етіп, өзінің әрекеті үшін 50 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған деп күдіктелуде. Тергеу барысында ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық әрекетін толығымен мойындаған.

    Шара барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали әр мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну қажеттігін айтып, заңбұзушылықтардың алдын алмаған тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды. Қылмыс жасаған жетекші маман мен заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен бас маманды теріс себептермен жұмыстан шығару,  олардың тікелей басшыларын жұмыстан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді.

    Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары М.Исахов айтылған ұсыныстарды қолдап, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

    Сонымен қатар, іс-шарада еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.