Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалының атынан көмек келіп жетті. Бұл жетісулықтардан Мақтааралға келген екінші қайырымдылық керуені. Игі шара «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен жүзеге асып отыр. 4 жүк көлігіне тиелген көмек — 82 тоннаны құрайды. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар.
Қайырымдылыққа атсалысқандар қатарында Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова, Т.Ботабеков сынды халық қалаулылары, белгілі меценаттар, «Nur Otan» партиясының мүшелері мен жасотандық еріктілер бар.
Алматы облысынан арнайы көмек ретінде келген құрылыс заттары Атакенттегі қоймаға жайғастырылды.