Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
    Айғақ MEDIA

    Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.05.2020867 Views

    Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен,  сондай-ақ, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

    Олардың ішінде:

    І дәрежелі «Даңқ» орденімен – ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов;

    ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев;

    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен – ҚР Ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, ҚР Қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары – 14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы – Бас инспекция бастығының орынбасары Төлеуқан Нұрқанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньков;

    ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен – Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкінің 1-санатты маманы Ғалымжан Әлиев;

    «Құрмет» орденімен – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры Тамерлан Жұмағалиев;

    «Ерлігі үшін» медалімен – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Бесжанов, Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Жаңабаев, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Жедел департаментінің аға жедел уәкілі Мирас Құрбанов, ҚР Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Мазур;

    «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен  – ҚР Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің офицері Шолпан Тауышова, ҚР Қорғаныс министрлігі 44813 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизионының командирі Александр Томилин марапатталды.

    Барлығы 45 адам ордендермен, 53 адам медальдармен және 3 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен наградталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.