2 мамыр күні Ордабасы ауданының Аққойлы ауылында болған қатты дауылдан кейінгі ауылдың бүгінгі жағдайы осы. 17 үйдің, қораның шатырлары ұшқан, ағаштар тамырымен құлаған, электр сымдары үзілген.
Толығырақ тоқталатын болсақ, сенбі күні ауа райы өзгеріп, аспанға бұлт үйірілген. Сағат 15:00-дер шамасында желді дауыл келіп, небәрі 5 минуттың ішінде ауылдағы 17 үйдің шатырын ұшырып әкеткен.
«Бір қуантарлығы, ешқандай адам мен мал шығыны жоқ», — деп қуанады ауыл тұрғындары. Қариялардың айтуынша, «Біз көрген соңғы жетпіс жылда мұндай табиғаттың құбылысы болған емес»-, деп сипаттайды. Енді, тұрғындардың өздері қолдарынан келгенше апаттан кейінгі тазалау жұмыстарын жүргізуде. Ал, аудан әкімдігінен арнайы комиссия құрылып, шығындар есептелуде. Бұзылған үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары бір аптаға созылады деп күтілуде.
Айғақ-Ақпарат