Мақтаарал ауданының Өргебас ауылын да бүгін таңға жуық су басты. Бұл есеп бойынша су алған бесінші ауыл. 2 мамыр күні 23:00-де аудан орталығындағы Мырзакент тұрғындары үшін де қауіптің бар екендігі мәлім болып, 23:30-да халықты Атакентке эвакуациялау жұмыстары басталып кетіп еді. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі шұғыл жариялаған болатын.
Ал, бүгін таңертең 05:00 шамасында су ағыны Өргебас ауылына да жеткен. 1500-ге жуық тұрғыны бар бұл елдімекен халқы қазіргі уақытта Атакентке толық көшірілді.
«Айғақ-Ақпарат»