Бүгін, түскі сағат 14-00-де Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратында қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтеді деп күтілуде. Онда ОҚО әкімі Б.Атамқұлов ауданға жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынуы мүмкін. Әкім лауазымына «А» корпусында тұрған азаматтар тағайындалады. Бүгінгі күнде кадр резервінде Оңтүстік Қазақстаннан қабылданған тұлғалар қатарында:
Осылардың ішінен бұл күні таңдау кімге түспек? Кімнің асығы алшасынан түсіп, Арыстың басшысы болып тағайындалатындығы әзірге беймәлім. Естеріңізде болса, Қаратау ауданына әкім тағайындалған кезде, «А» корпусында тұрған азаматтар назарға іліге қоймап еді.