Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен әлеуметтік желі арқылы құттықтады.
«Құрметті түркістандықтар!
⠀
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
⠀
Қазақ жұрты қашан да бауырмалдық пен қонақжайлық танытқан халық. Қандай кезең болмасын, пана іздеп келген жанның бәрін бауырына басып, төрінен орын берген. Бұл — қазаққа тән асыл қасиет деп білемін. Бір үзім нанды бөліп жеген, қаймағы бұзылмаған көпұлтты мемлекет ретінде осындай тәрбиесімен де сыйлы десем артық айтқандығым болмас.
⠀
Қадірменді жерлестер!
⠀
Біз дархан пейіліміздің арқасында бүкіл әлемге елдігі биік, пейілі кең ел ретінде танылдық. Бұл болмысымыздың арқасында бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, сыйласып күн кешудеміз. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» демекші, біз — бір елміз. Тағдырымыз да, алға қойған мақсатымыз да бір! Ендеше, ынтымағы жарасқан біртұтас еліміздің ортақ мейрамы баршамызға құтты болсын! Еліміз аман, тұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болғай! Бейбіт елдің бірлігі мәңгі жасасын!
⠀
Құрметпен, Рашид Аюпов» — делінген фейсбуктағы жазбасында.