• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Төлебиде бес мектеп пайдалануға берілді

01.09.2016
0

Жаңа оқу жылында Төлеби ауданында бес мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, бір жарым мыңға жуық оқушы жаңа ғимаратта білім алатын болады. Соның бірі ауданға қарасты Кемеқалаған ауылдық округінде лентасы қиылған екі білім ошағы. Салтанатты шараға аудан әкімі Бұхарбай Парманов, облыстық  мәслихаттың  депутаттары мен ауыл қариялары арнайы қатысты. Бұл күні алдыңғы толқын ақ батасын беріп, жас буынның болашағы жарқын болсын деген жүрекжарды тілектерін жеткізді.03Бүгін бір ауылда екі қуаныш! Ақ түйенің қарны жарылған күн десе де болады. Көптен күткен екі мектеп білім күні қарсаңында балалар игілігіне берілді. Атаулы күннің  басы-қасында болу үшін аудан әкімі Бұхарбай Парманов пен облыстық мәслихаттың  депутаттары  Дулат Әбіш, Әсет Қайыпбековтер келді арнайы. Алғашқы болып Абай ауылындағы Қазығұрт жалпы орта мектебінің  лентасы қиылды. Жаңа оқу жылына білім ошағы ашылмай қалады ма деген көптің күдігі осылайша сейілді. 2014 жылдың желтоқсанында басталған нысанның құрылысы әупірімдеп 2016 жылы аяқталды. Құрылыстың жалпы соммасы — 369 млн.теңгені құраған. Қаржыландыру көзі — облыстық бюджет.05Бұл күні  балалар қуанышында шек болмады. Осыған дейін Абай мектебінде  оқып келген оқушылар өз еншісін алып, замануи үлгідегі мектепке ауысты. Сонымен қатар, іргесі  1972 жылы салынған 60 орындық Қазығұрт бастауыш мектебінде оқып келген балғындар да жаңа мектепке көшіп отыр. Өз кезегінде  ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтаса келген мәслихат депутаты Дулат Назарбекұлы оқушыларды білім күнімен құттықтап, мектепке құнды кітаптар сыйлады.04Құрылыс жұмыстарын жүрігізген  компания салтанатты түрде мектептің кілтін табыс етті. Ала-жаздай  құрылыстың басы қасында жүріп, кем-кетігін түгендеген облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековке алғысын білдірді. Қариялар ақ батасын берді, дүркіретіп лента қиылды. Бұл көрініске көңілі семірген ауыл тұрғындары су жаңа мектепке қазақтың  дәстүрімен шашу шашты.06Абай ауылының іргесінде  жатқан Әңгір ата ауылында да мереке бүгін. 1934 жылы салынған 80 орындық  Әңгір ата бастауыш мектебі 150 орындық орта мектепке ауысып, жаңа ғимарат бой көтерді. Халық қалаулысы Дулат Әбіш жаңа білім ордасына да кітаптар  табыс етті. Енді мына даңғарадай білім ұясынан  ғалымдар, әкімдер болашақ ел басқаратын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар көптеп  шықсын деген тілектер айтылды. Екі қабатты замануи білім ошағының табалдырығын 306 оқушы аттады. Жас жеткіншектерге екі ауысымда 32 ұстаз білім беретін болады. Облыстық  қазынаның 342 млн.теңгесіне бой көтерген  нысан соңғы замануи материалдық базамен толыққан. Жиырма бірінші ғасырдың білім саласындағы жетістігі жырақтағы ауылға жеткеніне оқушылар қуанып отыр. Жалпы Төлеби ауданында 68 мектеп  жұмыс жасайды. Бір ауысымда-21 мектеп, екі ауысымдағысы – 47, үш ауысымдағы және апатты  жағдайдағы білім ошақтарының санын жойған аудан. Мұның барлығы облыс басшыларымен Президенттің пәрмені арқасында дейді ел ағалары.07Осылайша білім күні  Төлебидің туы желбіреді. Бір емес ауданда бес мектеп есігін айқара ашып, 1383 оқушыны құшағына сыйғызды. Ал 2888 бала биыл бірінші сыныптың  табылдырығын аттаған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жамағатқа тарту болған  қадірлі сый — енді елді ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік!

Гүлжан Нұрланқызы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.