Шымкентте бірқатар серіктестіктер жұмысын жалғастыратын болды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Бүгін үшінші мегаполистің бас санитариялық дәрігерінің 2 сәуірдегі 9 қаулысына өзгерістер енгізіліп, Қаулы мәтіні жарияланды.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге рұқсат етілді. Ол үшін оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәліктері (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсыну арқылы қала ішінде кедергісіз жүруіңізге болады.
Сондай-ақ, тізімге мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары да енген.
Тиісінше, «Казтелерадио» АҚ» да өз жұмысын жалғастыратын кәсіпорындар қатарында.