Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында қылмыс саны едәуір төмендеді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында қылмыс саны едәуір төмендеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.04.2020472 Views

    Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында қылмыс саны айтарлықтай төмендеген. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаса лған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 25,7 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 26,2 пайызға төмендеді. Жол көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға төмендеген. Соның арқасында өлім-жітім 36,6 %-ға және жарақат алған азаматтар саны 21,1  пайызға азайған. Осы уақыт аралығында бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау, қарақшылық, зорлау саны да қысқарған.

    Облыс бойынша бүгінгі күні 61 блок-бекет жұмыс істейді. Оның екеуі Республикалық маңызы бар жолдарда орналасқан. Онда да 300-ге жуық полиция қызметкері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Тәртіп сақшылары күні бүгінге дейін блок-бекеттерде 100 мыңнан астам жүк, жеңіл және жолаушылар автокөліктерін тексерген.

    Түркістан облысының полицейлері  өз тараптарынан азаматтарды төтенше жағдай режимін сақтауға шақырады. Карантин тәртібіне түсіністікпен қарап, аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес береді. Тәртіп сақшылары осы мақсатта облыс аумағында қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда азаматтарды жауапкершілікке тарту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты бақылау жүргізуде.  

    Мәселен, төтенше жағдай режимі басталғалы бері облыс полицейлері 200-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 80 тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік айыппұл салынып, 4-іне ескерту жасалынды және 50-ден астам тұрғын әкімшілік қамауға алынды. Сотта 59 әкімшілік іс қаралды. Жалған ақпаратты таратудың 9 жайты анықталды. Тексеру шаралары жүргізіліп, жалған ақпарат таратушылар ҚР ҚК 274-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. 

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.