• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысындағы әскерилер жасағына облыс әкімінің орынбасары қосылды

20.04.2020
0

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалды. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сын-сағатта арнайы жиынға шақырылған азаматтарға сәттілік тіледі, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылды. Осындай қиын-қыстау кезеңде елмен бірге болуға ерікті түрде ниет білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға сәттілік тілеймін»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Президент бастамасын қолдап, ерікті түрде сапқа тұрғысы келетін түркістандықтардың қарасы қалың. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде еліміздің Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтауға 230 азамат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласындағы 50 сарбаздан тұратын әскерилер жасағын қала әкімі Рашид Аюпов басқарады.

Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек. Бұл жыл сайын өтіп тұратын шара. Барлық үміткерлер арнайы медициналық комиссия сараптамасынан өткен. Карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Қарулы Күштердің жасақталған запастағы сарбаздары көшелерде жаяу патрульдеуге және облысты айнала қоршай қойылған блокбекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысады.

Арнайы жасақталған сарбаздар бүгіннен бастап іске кірісті. Олар қажетті киім мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Жұмыс істемейтіндеріне мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден төленеді. Төтенше жағдай кезінде әр салада жауапты қызметте жүргендер және 18 жасқа дейінгі 3 баласы барлар, денсаулығы жарамайтындар шақырылмайды. Арнаулы жиынға шақыртылған әскерилер тұрақты елді мекеніне қызмет жасайды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПАРТАКИАДАДА БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

БАЛАЛАР ҮШІН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

БАЛА ЖҮРЕГІНЕН ШЫҚҚАН СЫЙ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

 Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

32 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
11.06.2026
0

Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.