Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркиялық инвестор елімізге дәрі-дәрмектер жолдады
    Айғақ MEDIA

    Түркиялық инвестор елімізге дәрі-дәрмектер жолдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.04.2020647 Views

    Бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия COVID-19 індетіне қарсы бір-біріне көмек көрсетуді жалғастыруда. Түркиялық «Nobel İlaç» дәрі-дәрмек компаниясы елімізге медициналық препараттар жіберді, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

    Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі атсалысуымен сенбі күні Алматы әуежайына дәрі-дәрмектерден құралған жарты тонналық жүк келіп түсті. Осы қиын кезде түрік ағайындардан келіп түскен дәрі-дәрмектер еліміздің коронавирусқа қарсы күрес жүргізіп жатқан медициналық мекемелерінде қолданылатын болады.

    «Nobel İlaç» компаниясының Басқарма төрағасы Хасан Улусой Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге жолдаған хатында «Қазақстан Елшілігінен алынған ақпаратқа сәйкес еліңіздің кейбір дәрі-дәрмек қажеттілігін білген кезде, дереу әрекет еттік. Кейбіреулерін өзіміз өндірсек, кейбіреулерін басқа компаниялардан алдырып, науқастардың емделуіне септігін тигізеді деген ниетпен Қазақстан елшілігіне жолдадық. Осынау ауыртпалы кезеңде еңсеру үшін бір-бірімізге барлық мәселелерде демеу болу өте маңызды деп санаймыз. Біз бауырлас екі елдің халықтары мен барлық адамзат арасында осы індеттің таралуы жақын арада тоқтауын тілейміз. Қажет болған жағдайда екінші үйіміз саналатын бауырлас Қазақстанға әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз» — деп атап өтті.

    «Nobel İlaç» компаниясы Түркия дәрі-дәрмек өндірісі нарығында көшбасшы компаниялардың бірі болып саналады. 2004-ші жылы компания Қазақстанға инвестиция құйып өз зауытын ашты. Қазіргі таңда компанияның Қазақстандағы филиалында 420 адам жұмыс істеуде, компания Қазақстанда 200-ден аса дәрі-дәрмек түрін өндіреді. Компанияның өнімдері көршілес Өзбекстан, Моңғолияға, Ресей және Қырғызстанға экспортталады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.