Шымкент қаласындағы төтенше жағдайға байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес қаланың барлық аумағында 18 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07:00-ге дейін төмендегідей шектеулер енгізілді:
1)Айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұру;
2)Қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтата тұру;
3)65 жастан асқан азаматтарға және 18 жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынады;
4)Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақты патрульдеу тапсырылды.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...