Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қызметтерді цифрландыру — басты міндет
    Айғақ TV

    Қызметтерді цифрландыру — басты міндет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.04.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен өңірдегі екінші деңгейлі банк,​ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Ұлттық Банктің Түркістан облысы бойынша филиалы, Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаменті және «Қазпошта» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар зерделенді.

    Жиында сондай-ақ POS-терминалдарсыз жұмыс істеуге тура келетін жағдайлардың бірқатар себептері атап көрсетілді. Мәселен, банктердің өтінішті ресімдеу және терминалдарды жеткізу мерзімі 2 аптадан 2 айға дейін созылуы немесе 1-ден 3% — ға дейін жоғары комиссиялық тарифтер кәсіпкерлер үшін тиімсіз болған жағдайда, өйткені банк сенімділігіне қарай тұтынушылар түрлі санатта болуы мүмкін.

    «Дегенмен төтенше жағдай кезінде цифрландыру жүйесінің жоғары деңгейде болғаны халықтың қауіпсіздігі үшін аса маңызды болып отыр. Сондықтан, бекітілген «Жол картасына» сәйкес​ мемлекетке ведомстволық бағынысты коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар, балабақшалар, мектептер, қоғамдық орындар секілді​ мекемелер басым түрде цифрландырылатын болады. Халық үшін жайлылық жасау біздің басты міндетіміз»,-деді М. Мырзалиев.

    Айта кетерлігі, Түркістан облысында 141 000 шағын орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпкерлер саны жағынан оңтүстік өңірі ел көлемінде екінші орында тұр. Барлық кәсіпкерлік нысандардың POS-терминалдармен толық қамтамасыз етілуі талап етіліп отыр.​

    Кеңесте жауапты ұйым басшыларына осы бағытта жұмысты күшейту тапсырылды. Себебі, қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүйесін енгізу тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты жеңілдетуге ықпал етеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.