Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға коронавирусқа қарсы күрес үшін медициналық қорғаныс құралдарын жіберді, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті
Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі жылы және достық қарым-қатынастардың, сондай-ақ коронавируспен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын толық медициналық қорғаныс құралдары, жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және т.б. медициналық құралдар бар ұшақ келіп қонды.
Белгілі болатындай, өзара қол ұшын беру аясында Қазақстанға бұған дейін де АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерден түрлі көмек жіберілген болатын.
Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі.
Тез тарайтын эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық алшақтығына қарамастан, түрлі көмек алу үшін өзара жүгінеді.