Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Су ресурстарын тиімді басқару
    Айғақ TV

    Су ресурстарын тиімді басқару

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Адамның тіршілік әрекеті  нәтижесінде ағынды сулар көлемі жыл сайын артып келеді. Оларды тазарту мәселесі бірнеше онжылдықта пайдаланылатын кәріздік тазарту қондырғылар (КТҚ) арқылы шешіледі. Қазір олардың тозу деңгейі 60%-дан асып, экологияға теріс әсер етуде, — деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі.

    Ағынды суларды тазарту сапасының төмендігі судың экожүйесінің тозып, ластанған тұщы су көздері арқылы ауру таралуы сияқты күрделі проблемаларға әкеледі. Және мұндай мәселе тек Қазақстанға ғана тән емес. БҰҰ деректеріне қарағанда, өндірілетін ағынды сулар көлемі және олардың ластануы бүкіл әлемде үздіксіз артып келеді.

    Қазақстанда өткен ғасырдың 50-жылдарында ірі қалаларда механикалық тазарту қондырғылары салынып, пайдалануға берілді. Оған дейін қалалық сарқынды сулар тазартылмаған сүзу алаңдарына немесе су объектілеріне жіберіліп келді.

    Қазіргі уақыттаи ең алдымен су объектілері режимін ескере отырып, ағындарды тазартуды нормалау жүйесін оңтайландыру қажет. Осы мақсатта ағындарды тазарту сапасын нормалаудың ұлттық стандартын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі қолданыстағы нормалар кеңес заманында қабылданан. Ол Еуропадағы мөлшерден 6-8 есеге артық.  Сондай-ақ, КТҚ объектілерін жобалау кезінде олардың оңтайлы қуатын дұрыс анықтау маңызды. Бұл үшін бірінші кезекте елді мекеннің су тұтыну мен су бұрудың ағымдағы және перспективалық теңгеріміне сапалы талдау жүргізу талап етіледі.

    Қазір осы мәселені шешу үшін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік кепілдікпен халықаралық қаржы ұйымдарынан ұзақ мерзімді несие тарту арқылы КТҚ салу және қайта жаңарту бағдарламасы әзірленді.

    Несиені салынған және қайта жаңартылған КТҚ объектілерінің болашақтағы ақшалай түсімдері, қызметтің өзге түрлерінен түсетін кірістер, салық жүктемесін төмендету арқылы үнемдеу есебінен өтеу көзделеді. Оның артықшылығы — өңірлерде жобаларды іріктеу және іске асырудың басымдық өлшемдері, сондай-ақ қолданылатын материалдар, жабдықтар мен технологиялар бойынша техникалық саясатты әзірлеу тәсілдерінің бірыңғай жүйесінде.

    Бағдарлама ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ХҚҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде мақұлданды.

    Бүгінгі таңда бірінші кезең бойынша ТЭН әзірленді (11 жоба), оның ішінде 5 жоба бойынша «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды. Экономикалық сараптама жүргізілуде. 6 жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айында шығады деп жоспарланған.

    Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкімен және Азия даму банкімен бірлесіп, конкурстық құжаттаманы әзірлеу және тендерлік рәсімдерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Күзде мердігерлерді анықтау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және КТҚ салуға кірісу жоспарда бар. Бұл ретте жабдықты жеткізуші үшін іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу, сервистік және оқыту орталықтарын ашу- міндетті шарт.

    Ұсынылып отырған шаралар КТҚ жүйелік проблемаларын шешуге және Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жалпы, 2024 жылға қарай елімізде сарқынды суларды тазартумен 100% қамту жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.